Жаңалықтар

«Экономист+» клубының кезекті отырысы: «Мемлекеттік басқарудағы жаңа трендтер»

«Астана» халықаралық қаржы орталығында Академияның «Экономист+» клубының «Мемлекеттік басқарудағы жаңа трендтер» тақырыбындағы пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті.

Клуб отырысына басқару институтының профессор-оқытушылар құрамының өкілдері қатысты: Э. ғ. д., профессор Р. Т. Дуламбаева; ф-м. ғ. к., профессор С. А. Джумабаев; э. ғ. к., профессор Л. И. Құсайынова; қолданбалы зерттеулер институтының өкілі – PhD, доцент м. а. Ш.Т. Шаяхметова; сондай-ақ Академия магистранттары және докторанттары қатысты.

    Пікірталас алаңының негізгі спикерлері:

  • Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А. Амангелдин;
  • «Kazaerospace» бас директоры Б. Қазиев;
  • Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы А. Медетов;
  • «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ бас сарапшы-талдаушысы Қ. Сұлтанбеков.

Баяндамашылар өз сөздерінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың жаңа трендтері: инвестициялық дауларды қарау ерекшеліктері, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің новеллалары, мемлекеттік басқаруға ғарыштық технологияларды енгізу, капиталды шетелге заңсыз әкетудің жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар, Qoldau.kz цифрлық платформа мысалында SAAS моделін пайдалану туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Спикерлердің барлық сөйлеген сөздері тыңдаушылардың мүдделі қатысуын және интерактивті пікір алмасуды тудырғанын атап өткен жөн. Ең қызықты сұрақ үшін Академияның «Экономика» мамандығы бойынша 1 курс магистранты Динара Жүнісова атап өтілді. «Экономист+» клубының пікірталас алаңы отырысына қатысушылардың атынан 1 курс докторанттары Гүлназ Ахметова, Бекжан Мұхамбетәлі, Ербол Жанғазинов және Нұргүл Қарағойшинаға алғысымызды білдіреміз. Сіздерге оқуда табыс және жаңа шығармашылық табыс тілейміз! Сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығының менеджерлері мен қызметкерлерінің ынтымақтастығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс айтамыз.


Your browser does not support SVGs