Жаңалықтар

Кәсіби сертификаттау дамып келеді

Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері – жергілікті атқарушы органдар арасында бірінші болып жобалық менеджмент саласындағы ұлттық стандарты бойынша сертификаттаудан сәтті өтті.

Ұлттық стандарт жобаларды басқару тұжырымдамалары мен процестеріне ерекше мән беретін және нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін нұсқаулар береді.

Сертификаттау процедурасын осы саладағы персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі жалғыз аккредитацияланған органы – Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы өткізді.

Ұлттық үлгідегі сертификаттарды Астана қаласы әкімі орынбасарлары – Асқар Әмрин, Малика Бектұрова, Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – Руслана Тайген, сондай-ақ Астана қаласының негізгі басқармаларының 8 қызметкерлері алды.

Келесі сертификаттау ағымдағы жылдың тамызына жоспарланған. Сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады – 75-34-87, 75-34-73.


Your browser does not support SVGs