Жаңалықтар

«QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2022» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНКУРСЫ ЖОБА КОМАНДАЛАРЫН КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ!

«QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2022» – жобаларды басқару саласындағы үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан ұлттық конкурс. Биылғы жылы конкурстың ресми серіктесі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.Конкурс келесідей бірнеше кезеңнен тұрады: конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау, есептерді жинау, конкурсқа қатысушылардың асессорлармен виртуалды сұхбаты және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысу үшін финалистердің презентациялары мен бейнероликтерін дайындау. Алғашқы екі кезең 15 тамызға дейін жалғасады, сондықтан қатысушылар өтінім беріп, есептерді тапсырып үлгеруі маңызды.

Бүгінгі таңда конкурсқа қатысуға мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік сектордан, үкіметтік емес ұйымдардан, бизнестен және ЖОО-нан 200-ге жуық өтінім келіп түсті.

Конкурс аясында мынадай негізгі үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталатын болады: «Жылдың үздік жобасы», «Жылдың үздік жоба менеджері», «Жылдың үздік жобалық кеңсесі». Сондай-ақ, келесідей арнайы номинациялар қарастырылған – «Үздік РМ-тренер», «Балаға мейірімді үздік жоба». Биылғы жылы тағы бір арнайы номинация – «Мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру бойынша үздік жоба» номинациясы енгізіліп отыр, оған қатысушылар бюрократияны қысқартуды, жүйелі реинжинирингті және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруды ынталандыратын жобалық идеяларды ұсынуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, «Жылдың үздік жоба менеджері» номинациясы бойынша жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде марапатталады.

Айта кету керек, «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS» ұлттық конкурсы халықаралық қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болды және 2021 жылы IPMA «Global Project Excellence Awards» дүниежүзілік жобалар байқауының алтын жүлдегері атанды.

Баршаңызды «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS – 2022» ұлттық конкурсына қатысуға шақырамыз. Өз жобаларыңызды бүкіл жұртқа таныстыру мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!

 

Толық ақпаратпен www.apa.kz сайтында «Жобалық офис» бөлімі – «Конкурс» бөлімшесінде танысуға болады.

 

АНЫҚТАМА ҮШІН: Конкурстың ұйымдастырушылары: ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. 

Конкурстың ресми серіктесі: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚҚазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты, оның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Холдинг мынадай 7 еншілес ұйымнан тұрады: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, «ЭСК» Kazakh Export» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.                    

Қаржы операторы ҚР Жоба менеджерлерінің одағы болып табылады.

Байланыс деректері: +7 (700)-216-86-97 (басшы); +7 (747)-688-39-32 (БАҚ үшін)


Your browser does not support SVGs