Жаңалықтар

Ұлытау облысына жұмыс сапары

Академияның вице-ректоры Еркін Шажаұлы Дүсіпов Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Е.Дүсіпов Ұлытау ауданы әкімінің бірінші орынбасары А.Бәрікеновпен жаңадан құрылған облыс филиалының жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Сонымен қатар, Е.Дүсіповпен жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесу ұйымдастырылып, олармен облыстың аумақтық мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметшілерінің құзыреттілік деңгейін жақсарту және Академияға қабылдау шарттары бойынша әңгіме жүргізіп, жастардың сұрақтарына жауап берілді.

Е. Дүсіпов кездесу барысында Академияның басты мақсаты мен ерекшелігі, мемлекеттік қызметшілерге беретін мүмкіндігі жайлы толық түсіндіріп, өздерінің бағын сынап, құжат тапсыруға белсенді қатысуға шақырды.

Шараға қатысушылар Академияға түсуге қызығушылықтарын білдіріп, туындаған сұрақтарына жауаптарын алды.

Одан әрі Е.Дүсіпов қабырғасында Академияның облыстық филиалы орналасатын Тау-кен металлургия колледжінде болды.


Your browser does not support SVGs