АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2018 жылдың 9 қарашасында «Қазіргі заманның діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу мәселелері» тақырыбында өтетін халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысуға шақырады.
Ғылыми семинардың мақсаты – қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы зерттеу қызметін әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру.
Ғылыми семинар жұмысының негізгі бағыттары:
- Қоғамдық сананы рухани жаңғырту парадигмалары.
- Этностық және конфессиялық алуандылық заманауи тегеуріндерге жауап ретінде: жаңа болмысы және ғылыми ізденістер.
Ғылыми семинардың өтетін орны: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ., Абай көшесі, 33 а.
Ғылыми семинардың өту тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Ғылыми семинар материалдары ғылыми жұмыстардың электронды жинағында жариаланады.
Семинарға қатысу үшін келтірілген 1,2,3 қосымшаларға сәйкес тіркеу үлгісі мен баяндаманы рәсімдеп, 2018 жылдың 13 қазанына дейін cmo.astana@mail.ru электрондық поштасына өтінімдерді жіберулеріңіз қажет.
Материалдарды жібергенде семинарды өткізу жөніндегі жауапты қызметкермен хабарласып, хаттың келгеніне көз жеткізіңіз.
Мақаланы электронды жинақта жариялау тегін. Ұйымдастырушылар жариялау үшін материалдарды іріктеу құқығын («Антиплагиат» жүйесі арқылы тексеру) өзіне қалдырады.
Семинар қатысушыларының іссапар шығындары – жіберуші жақ тарап есебінен.
Қатысушылар контингенті: ҚХА-ның ҒСК және облыстық ҒСТ мүшелері, ҚХА хатшылығы, этномәдени бірлестіктер, ғалымдар, зерттеушілер, этносаралық қатынастар мәселесі бойынша мемлекеттік қызметшілер және сарапшылар.
Академияның мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Абай көшесі, 33 А, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы, 807, 808-каб.
Байланыс ақпараты:
Динара Жахина +7 (7172) 75-35-79, cmo.astana@mail.ru.