Ғалымдар аймақтық және шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарда зерттеулер жүргізеді. Кездесуді Қолданбалы зерттеулер институты Kazakhstan Futures 6 айлық бағдарламасы аясында ұйымдастырды.
Іс-шара халықаралық қоғамдастықтың назарын Қазақстан Республикасының өзекті мәселелеріне аударуға және өңірдің маңызды сын-тегеуріндері бойынша талдамалық ұсынымдар әзірлеуге бағытталды.
Қоғамдастықтың бас операциялық директоры және зерттеулер жөніндегі директоры Брэдли Джардин жобаның мақсаттары туралы айтты. Топтың ғылыми қызығушылық салалары – аймақтың климаттың өзгеруі, демография, көші-қон, қоғам, ынтымақтастық, экономика, сауда, цифрландыру және сыртқы саясат секілді өзекті мәселелер.
Академия атынан Қолданбалы зерттеулер институты директорының міндетін атқарушы Ж.К. Медеуов сөз сөйлеп, қонақтарға Академия мен зерттеу институтының қызметін таныстырды. Қатысушылар ғылыми зерттеу басымдықтары, зерттеу дерекқоры, жергілікті өзін-өзі басқару, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және т.б. туралы сұрақтарға жауап алды.
Орталық Азия бойынша «Oxus» қоғамдастығы» Орталық Азия мен әлемнің түрлі өңірлерімен академиялық алмасуды дамыту мәселелерін қолдау мақсатында құрылған халықаралық коммерциялық емес ұйым болып табылады.