20 сәуір күні Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл ресми іссапармен Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына барды. Іссапар барысында ректор Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевпен кездесіп, кәсіби мемлекеттік аппаратты құру және тиімді мемлекеттік қызметшілер корпусын қалыптастыру жолында бірлескен жобаларды іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің құзыреттіліктерін дамыту және т.б. сұрақтарды талқылады.
Сондай-ақ облыс әкімі аппаратының басшысы Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаевтың төрағалығымен облыстық басқарма басшыларымен, аудан әкімі аппаратының басшыларымен және облыстың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістер туралы айтты. Одан бөлек, Академияның қызметі, магистратура және докторантура бағдарламаларына оқуға түсу мәселелері бойынша ақпараттық сессия жүргізді. Сонымен қатар ректор Академияның Алматы облысы бойынша филиалының ғимаратымен және қызметімен танысып, біліктілік арттыру курстарына қатысып жүрген мемлекеттік қызметшілермен кездесті.