Жаңалықтар

Академияның ғылыми-білім беру әлеуетін дамытуға арналған EBSCO электрондық ресурстары

26 сәуірде Академияда «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғылыми-білім беру әлеуетін дамытуға арналған EBSCO электрондық ресурстары» атты ақпараттық-әдістемелік семинары өтті. Семинарды EBSCO-ның Қазақстандағы аймақтық өкілі Александр Рытов өткізді.

Семинар екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлімі Академияда қазіргі кезде бар EBSCO электрондық ресурстарына шолу жасауға арналды. Екінші бөлімде EBSCOhost платформалары көрсетілді, ғылыми ақпаратты іздеу және онымен жұмыс істеу әдістері қарастырылды.

 

 

 

 


Your browser does not support SVGs