ТІЛДІК КУРСТАР МЕН СЕМИНАРЛАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТІЛДІК КУРСТАР МЕН СЕМИНАРЛАР
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілердің тілдерді игеру деңгейлерін жылдам және тиімді жоғарылатады.
Академияның Тілдік құзыреттілік секторы тілдерді оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін ұсынады. Сіз кешкілік, авторлық-тілді оқыту, жекелеме, коучингтік курс пен семинарларға жазыла аласыз.
Академия өткізетін тілдік курстар мен семинарлардың артықшылықтары:
- Біз Сіздің тіл логикасын сезініп, тілді жүйе ретінде қабылдауыңызды, қадамнан қадамға жаңа білім, білік, дағдыларға ие болуыңызды қамтамасыз етеміз. Біздің оқыту Сіздің жетілмеген тілдік біліміңізді бір құрылымға біріктіретін базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- Тілдік ортаға толық енесіз.
- Оқыту арнайы мемлекеттік қызметшілерге арналып құрастырылған бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
- Тренингтерді қалыптасқан стандартты оқытудан өзгеше әдістемелермен оқытатын Академияның білікті оқытушы-профессор құрамы жүргізеді.
- Біздің курс пен семинарлар тілді терең игерумен қатар тыңдаушының көзқарасын түбегейлі кеңейтуге көмектеседі .
- Тыңдаушылар оқыту барысында басқа да тұлғалармен танысып, өздерінің коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
- Оқыту сапасы тілдерді мемлекеттік қызмет саласында оқытудың заманауи талаптарына сәйкес келеді.
- Тыңдаушылар ұсынылған курстар мен семинарларда эссе, аналитикалы-сараптамалық жазбалар, есептер, баяндамалар жазудың әдіс-тәсілдерін, аударма жасаудың техникасын, көпшілік алдында шешен сөйлеудің практикалық дағдыларын, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді игереді.
- Оқыту әр тыңдаушыны кейс-жағдаяттарына жұмылдырып, интенсивті тренинг түрінде өтеді, курс пен семинардың қорытындысы бойынша Академияның сертификаты беріледі.
- Курстың әр деңгейі – 120 сағат, семинарлардың сағаты – 72, 48, 36, 24 сағат
Кең қолданыстағы тілдік құзыреттілік курстары мен семинарлары
- Ресми-іскерлік қазақ тілі (деңгейлер бойынша), (72, 48, 36, 24 сағат)
- Құжатайналым және аударма (72, 48, 36, 24 сағат)
- Кәсіби коммуникациялар стратегиялары және көпшілік алдында сөйлеу (72, 48, 36, 24 сағат).
- Латын графикасымен оқу мен жазу дағдылары (36, 24 сағат).
- Ресми аударма жасаудың практикасы (36, 24 сағат).
- Жалпы ағылшын тілі (по уровням) (72, 48, 36, 24 сағат).
- Академиялық ағылшын тілі (72, 48, 36, 24 сағат).
- Бизнес ағылшын тілі (72, 48, 36, 24 сағат).
- Жалпы француз тілі (по уровням), (72, 48, 36, 24 сағат).
- Арнайы мақсаттағы француз тілі (72, 48, 36, 24 сағат).
- Мемлекеттік қызметшіге арналған орыс тілі (72, 48, 36, 24 сағат).
- Шет мемлекеттердің азаматтарына арналған орыс тілі (72, 48, 36, 24 сағат).
Академияға келіңіз – біз сіздің тілді меңгеру мақсатыңызға, қаражатыңыз бен уақытыңызды ескере отырып, қажетті тілдік бағдарламаны таңдап, тілді сапалы игеруге көмектесеміз көмектесеміз!
Курс пен семинарлар туралы қосымша ақпаратты мына мекенжайдан, сайт пен контактілерден алуға болады:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Абай даңғылы 33 А
Кәсіби даму институты, Тілдік құзыреттілік секторы, тел.: +7 (7172) 75-31-50;
eмаіl: nazigul.tulenbergenova@apa.kz, nurgul.nuralina@apa.kz
КУРС ПЕН СЕМИНАРЛАРҒА ОНЛАЙН ЖАЗЫЛУ: