Академияның Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы Ұлттық аккредиттеу орталығының қайта аккредиттеуінен сәтті өтті. Сондай-ақ Жобалық менеджмент саласындағы персоналдың ұлттық стандарттарға сәйкестігін растау жөніндегі орган мәртебесін растады.
Орталық жұмысы басталған кезден құжаттары халықаралық стандарттарға сәйкес деп танылған 3 мыңнан астам адам сертификатқа ие болды. Орталық алдағы уақыттта да жобаларды, бағдарламаларды басқару бойынша кандидаттарды, сондай-ақ тренер-кеңесшілерді сертификаттау саласында өз қызметтерінің сапасын одан әрі арттыратын болады .
Аккредиттеу еліміздегі бағдарламалар мен жобалардың сапасын, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға және жалпы мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға ықпал етеді. Айта кетейік, Академия орталығы Қазақстанда жобалық менеджмент саласында ұлттық стандарттар бойынша персоналды сертификаттау жөніндегі жалғыз аккредиттелген орган болып табылады.
Мұндай ауқымды жұмысты Жанар Тайжанова бастаған Орталық қызметкерлері Академия ректоры Ерлан Әбілдің қолдауымен жүзега асырды. Аудиторларға, сарапшыларға және осы іске атсалысқандарға алғысымызды айтамыз және толағай табыс тілейміз!