Жаңалықтар

Академия ректоры Бельгия елшісімен кездесті

Академия ректоры Ерлан Әбіл Бельгияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Анри ВАНТИГЕМ мырзамен кездесті. Кездесу барысында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Елші Белгияның ішкі және сыртқы саясаты, тарихы және мәдени ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасап, мемлекеттің Еуроодақтағы рөлі және интеграция мәселелеріне тоқталып өтті.

Ректор өз кезегінде Елшіні Академия қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, оқу ордасындағы өзгерістер, еліміздегі нәтижелі саяси реформалар туралы айтып өтті.

Сонымен қатар Академия мен Брюссель Еркін Университеті жанындағы Брюссель дипломатиялық академиясы арасындағы меморандум аясында білім беру және зерттеу саласында ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселесіне көңіл бөлінді.


Your browser does not support SVGs