Жаңалықтар

«Білім ордасы» БПҰ қатары жаңа белсенді партия мүшелерімен толығуда

2018 жылғы 17 қазанда «Білім ордасы» Бастауыш партия ұйымының есептік-сайлау партиялық жиыны болып өтті.

Жиында «Нұр Отан» партиясының жаңа трендтері мен міндеттері туралы баяндамалар, БПҰ-ның 2017–2018 жылдардағы жұмысы туралы есеп, БПҰ Бюросын (төрағасын) сайлау және партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау тыңдалды.  

Одан бөлек, «Білім ордасы» БПҰ қатары жаңа белсенді партия мүшелерімен толығуда, олар жиын барысында Цифрлық Қазақстан бағдарламасын іске асыру бойынша «Нұр Отан» партиясы мен Академияның іс-шаралары жұмыстарын үйлестіру, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін құрылған инфрақұрылымдық жағдайларды мониторингілеу, Академияда білім алушы партия мүшелерін және олардың партияға қандай үлес қоса алатынын сараптау сынды қызықты әрі өзекті жобалар ұсынды, партия мен Академияның жобаларын іске асыру бойынша жалпы тұжырымдаманы жасау үшін жұмыс тобын құру, Академияның БПҰ жұмысын трансформациялау, Академияда партия мүшелерін оқыту, іс-шараларды іске асыру бойынша жол картасын құру (2019 жылға арналған БПҰ жұмысының жоспарын жасау), «Жас Отан» жастар қанатымен жұмыс істеу, партияға қабылдау, 2018 жылға арналған БПҰ мүшелерінің жарналарын төлеуді жабу туралы және тағы да басқа мәселелерді талқылады.

 


Your browser does not support SVGs