Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, заң ғылымдарының докторы Айжан Жақанбаева ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс өткізді.
Дәріс барысында судья тыңдаушыларға Конституциялық Соттың қызметі мен құзыреті туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, конституциялық іс жүргізудің ерекшеліктерін және сот төрелігіне қол жеткізу мәселелерін түсіндірді.
Айжан Ержанқызы қатысушыларға Конституциялық Соттың ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға қатысты нормативтік қаулылары ақпарат берді.
«Мемлекеттік қызметшілерді Конституциялық Соттың қаулысын назарға алып отыруға шақырамыз, өйткені бұл олардың қызметтік өкілеттіктерін іске асыру барысында қажет болады», – деді ол.
Қонақ дәріс «Даму күні» аясында өтті. Кездесуге Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылыми қызметкерлері, докторанттары мен магистранттары қатысты. Шара соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алды.