Бүгін Академияда АҚШ-тың Миннесота университетінің Білім беру және адами ресурстарды дамыту колледжінің (CEHD) өкілдерімен кездесу өтті. Америкалық ғалымдар делегациясы қазақстандық әріптестерімен кәсіби байланыс орнату және жоғары оқу орындарының қызметімен танысу үшін келді.
Кездесуде оқыту, көшбасшылық және білім беру саласындағы мүмкіндіктер, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша Академия қызметкерлерінің Visiting Scholars тағылымдамасынан өту мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ делегация Академияда graduate certificate бағдарламасын және executive бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесімен танысты. Миннесота университеті – зерттеу көлемі бойынша public research universities арасында 10-шы орында. Жоғары оқу орындары арасындағы бұл ынтымақтастық Академия оқытушыларына американдық университеттерде білім мен тәжірибе алмасу үшін қосымша мүмкіндіктер береді және білім беру, көшбасшылық, зерттеу саласындағы кәсіби байланыстарды дамытуға ықпал етеді.
Атап өтейік, Қолданбалы зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Жанат Момынқұлов өткен жылы Миннесота университетінің осы факультетінде «Білім және ғылым саласындағы басқару» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.