24 қазанда Академияның Серпінді зерттеулердің артықшылығы
және талдау ғылыми орталығы басшысы және бас сарапшысы Анар Есенгельдина мен Жазира Искиндирова Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Хатшылығы және Франция, Оңтүстік Корея, Египеттің Ұлттық байланыс орталықтарының өкілдерімен кездесуге қатысты.
Академия қызметкерлері жиынға Экономикалық зерттеулер институтының шақыруымен ҰБО сараптамалық бағалауына азаматтық сектор өкілдері ретінде қатысуға шақырылды. Сараптамалық бағалау ҰБО жұмысының ЭЫДҰ Нұсқаулығына арналған процедуралық басшылықта белгіленген негізгі критерийлерге сәйкестігін талдау үшін қажет. Бағалау 24-26 қазан аралығында өтті.
Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) – ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттарына сәйкес бизнесті жауапты жүргізу қағидаттарын бұзатын кәсіпорындарға халықтың шағымдарын қарайтын алқалы кеңесші орган. Қазақстандағы ҰБО функциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бекітілген және төрағасы – ҚР Ұлттық экономика министрі.