Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына – 30 жыл.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 29 тамыздағы №1845 қаулысымен елімізде Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі құрылды. Оқу орны мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға қабілетті отандық басқарушыларды даярлау мақсатында ашылған. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы Алматыдан Астана қаласына қоныс аударды.
30 жылдың ішінде Академия магистратура және докторантура бойынша 3 мыңнан аса түлекке сапалы білім берді. Бір жылда Академияда және өңірлердегі филиалдарда 40 мыңнан аса тыңдаушы кәсіби біліктілігін арттырады, соның 26 мыңы – мемлекеттік қызметшілер. Тарихы тереңде жатқан оқу ордасы осы жылдар аралығында мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру және бәсекеге қабілетін арттыру жолында ауқымды жұмыс атқарды.
2024 жыл Академия үшін ерекше болмақ. Жыл бойы мерейтой аясында бірқатар мәдени, ғылыми, әлеуметтік іс-шаралар өткізіледі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттімен бірлесе отырып HR Форум және Академиялық конференция өткізу жоспарланған. Мерейтойлық арнайы басылымдар мен деректі фильм жарыққа шығады.
Осы және өзге де бастамалар мемлекеттік қызметшілердің білім алуына әрі құзыреттіліктерінің дамуына жағдай туғызу үшін іске асырылады.
Академия қызметкерлерін, түлектерін, білім алушыларын, серіктестерін мерейтой аясында жыл бойы өтетін шараларға белсенді түрде атсалысуға шақырамыз.