Жаңалықтар

Креативті индустриялар бойынша тренингтер басталды

Бүгін Академияда Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен креативті индустриялар бойынша тренингтер басталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында таланттарды тартатын шығармашылық индустрияның орталықтары әрбір облыс орталығында, әрбір ірі қалада болуға тиіс екенін баса айтты. Президенттің тапсырмасы аясында Мемлекеттік басқару академиясында жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік қызметшілердің креативті индустрия саласында біліктілігін арттыру курстары басталды.

Алдағы үш күнде Қазақстанның әр өңірінен келген әкімдік басқармаларының басшылары шығармашылық дағдыларды меңгеріп, креативті бизнестің экономиканың дамуына қоса алатын үлесін зерттейді.  Тыңдаушылар осы уақыт аралығында өзара тәжірибе алмасады және нетворкинг орнатады.

«Алдағы семинарлар мен талқылаулар креативті индустриялар мен өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық прогрестің кеңеюі үшін қолда бар қолдау шараларын бейімдеуге және жаңа шараларды енгізуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Осы күш-жігер арқылы біз Қазақстанның даму жолында инклюзивтілік және экономикалық даму бағытына белсенді қолдау білдіруге тырысамыз», – деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа өз сөзінде.


Your browser does not support SVGs