Академияның Алматы қаласы бойынша филиалында «Өңірлерді дамыту үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды тасымалдау жүйесі, бюджеттегі 4 деңгейі» атты семинар өтуде. Семинардың мақсаты – жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі мәселелерін шешу үшін ауылдық округ әкімдерінің әлеуетін күшейту болып табылады.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев мен Академия ректоры Фатима Надырқызы Жақыпова қатысып, Алматы облысы бойынша 55 ауылдық округтің әкімдерімен кездесті.
Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев семинар бағдарламасы аясында «Кәсіби мемлекеттік аппараттан инновациялық дамуға» тақырыбында дәріс оқып, «А» корпусы институтын жаңғырту, жаңа еңбекақы төлеу жүйесін факторлық-балдық шкала мен бонустар оңтайландыру негізінде ведомстволық бағынышты ұйымдарды оңтайландыру, HR-үдерістерді сандық реформалау, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, әсіресе, оның алдын алу шаралары туралы мәселелерді көтерді.
Оқу қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімдері жергілікті мәселелерді шешуге негізделген тәжірибеге бағдарланған жобаларды таныстыратын болады.
Айта кететін жәйт, бағдарлама Академияның бастамасы бойынша облыстық әкімдіктердің қолдауымен іске асырылуда. Қазіргі уақытта 5 филиалда 242 әкім оқудан өтуде, жыл соңына дейін 800-ден аса әкімді оқыту жоспарланып отыр.