Жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

Академияда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының талаптарын іске асыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп семинар өтті.

Семинарға квазимемлекеттік сектордың комплаенс қызметінің басшылары мен комплаенс қызметкерлері, ведомстволық бағынысты ұйымдары бар Орталық атқарушы органдардың 100-ге жуық өкілі қатысты. Сондай-ақ 300 ден астам  қатысушы Zoom платформасында онлайн-трансляцияға қосылды.

Комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Комплаенс қызметкерлеріне заң үстемдігіне, өзара сенім мен ашықтыққа негізделген бизнес-процесстерін дамыту миссиясы жүктелген.

Комплаенс қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Академия әдістемелік ұсыныстар әзірледі: парақорлыққа қарсы басқару жүйелері, ұйымдардың қызметінде қолдану талаптары мен нұсқаулары.

Бұл әдістемелік ұсынымдар комплаенс қызметтердің құзыретін кеңейту және парақорлыққа қарсы басқару жүйесін енгізу мен қолдаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу мақсатында дайындалды.


Your browser does not support SVGs