Академияда “Даму күні” аясында Алыс айту күніне магистранттар кеңесі мерекелік іс – шара ұйымдастырды.
Атаулы күні ректор Әбіл Ерлан Академия қызметкерлері мен білім алушыларын мерекемен құттықтап, алғыс айтты. Мерекелік іс – шарада Академия білім алушылары өнерлерін көрсетіп, оқытушылар мен қызметкерлерді Алғыс айту күнімен құттықтады.
«Даму күні» аясында «Қыран» зияткерлік дебат клубының финалы өтті. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Академияның MRD-23 тобының пікірсайысшы магистранттары финалдық бәсекеде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрамасымен пікір таластырды.
«Даму күні» аясында Сенат Аппаратының Басшысы Споткай Максим Александровичпен кездесу өтті. Споткай Максим Қазақстандағы парламент институты: сенат палатасының қызметі жайлы дәріс оқыды.
Бүгін Мемлекеттік басқару академиясында «Идеялар фабрикасы» жобасының жаңа маусымы басталды. Сарапшылық талқылауда Академия ректоры Ерлан Әбіл жобаның маңызын түсіндіріп, кездесуді бастап берді.