Жаңалықтар

Магистранттардың магистрлік жобаларының алдын ала қорғауы өтті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Академия магистранттарына арналған сараптамалық талқылау өтті. Жиында азық-түлік қауіпсіздігін басқару және аграрлық сектордың даму контексінде оқу модулін құру мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ магистранттардың магистрлік жобаларының алдын ала қорғауы өтті.

Шараның мақсаты – Академия магистранттарының магистрлік жобалар аясында берілетін ұсыныстарының сапасын арттыру. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, Егіншілік департаментінің директоры Мұрат Іргебаев, Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Ерлан Ильясов, Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті  директорының орынбасары Сәуле Журынова, Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Айнұр Ардабаева, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Дамир Қалдыбаев, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары қатысты.

Талқылау барысында «Мемлекеттік саясат» білім беру бағдарламасының магистранттары Хатепова Н.С. «Қазақстан халқы үшін азық-түліктің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету жолдары»,
Халиуллин Ж.Ж. «Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бағаны тұрақтандыру тетіктерін жетілдіру»,
Елтаев Б.Е., «Ақмола облысының мысалында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық субсидияны дамыту»,
Күнтуов Н.Ж. «Ұлттық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін бағалау» және т.б. тақырыптар бойынша магистрлік жобаларын баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кеңеске ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сұлтанов Азат Сирражиддинұлы мен экономика ғылымдарының докторы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Дуламбаева Раушан Тлегенқызы басшылық етті.


Your browser does not support SVGs