Академияның Ақтөбе облысы бойынша филиалында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен серіктестікті дамыту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Университет студенттері филиалда курс-семинар тыңдаушылары – мемлекеттік қызметшілермен бірге білім алып, тәжірибе алмасу мақсатында бірлесе жобалар дайындайды. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының білімгерлеріне мұндай мүмкіндік «Болашақ басқарушылар» жобасы аясында қарастырылған.
Сондай-ақ университет студенттері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінде» де білімін жетілдіруде.
Атап өтейік, Академия 2022 жылы университетке ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» стандартын енгізу жөнінде консалтингтік қызмет көрсетті.
Бүгін университет ректоры – Басқарма төрағасы Лаура Чапаевна Карабасова филиал тындаушыларымен мотивациялық кездесу өткізді. Еліміздегі ең жас ректор кездесу барысында білім беру менеджменті бағытында өз тәжірибесімен бөлісіп, университетте қолға алынып жатқан жобалармен таныстырды және тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.