Академияның 30 жылдығы аясында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, дипломатиялық қызмет ардагері, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Батыршаұлымен кездесу өтті.
Сайлау Батыршаұлы «ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылғанына 80 жыл» тақырыбында дәріс оқып, дипломатияның пайда болу тарихы туралы айтып, дипломатиялық қызметтегі орасан зор тәжірибесімен бөлісті. Қазақстанның халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде әрекет ету, өз мүддесі үшін сыртқы саясатты айқындау туралы айтты.
Сондай-ақ, тыңдаушыларға арналған «Тәуелсіздік жолындағы Дипломатия» атты кітабын таныстырды. Дипломатия институтының директоры Алексей Волков өз кезегінде Сайлау Батыршаұлына қызықты әрі мазмұнды дәрісі үшін алғысын білдірді.
Іс-шара соңында ол Академия білім алушыларының сұрақтарына жауап беріп, Қазақстанның қазіргі халықаралық қатынастары туралы пікірімен бөлісті.