Жалпы адамгершілік қасиеттер пен құндылықтар ұлтқа байланысты болмайды. Жалпы әлемдік қоғамдастық тарихының әртүрлі кезеңдерінде кез келген континентте бірлік, жасампаздық және алға ұмтылу секілді халықтың мақсат-мұраттары оларды әрқашан ең жақсы қасиеттерін дамытуға бағыттап отырған. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 25 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде қазақстандық қоғамды жаңғыру жолында шоғырландыру және негізгі адамгершілік-мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру арқылы жаңа даму кезеңіне сенімді қадам басуы кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы айқындаушы рөл атқаратынын және оның қызметінің маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғамның ауқымды күш-жігері табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге бағытталып отыр. Ел Президенті мен барлық мемлекеттік аппарат халықтың қалыпты жағдайға қайтару үшін барлық шараларды қабылдауда. Мемлекет басшысының үндеуіне ірі бизнес өкілдері назар аударып, зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру үшін қомақты қаражат пен материалдық ресурстар бөлуде. Үкіметтік емес сектор мен Қазақстанның жанашыр тұрғындары да өз көмектерін көрсетуде. Осындай қиын сәтті халқымыздың ең жақсы қасиеттері, атап айтқанда бір-біріне қайғыда қол ұшын созып көмектесу, қолдау, пайдалы болуға деген ниеті айқын көрінді. Менің ойымша, осы ретте көп жылдар бойына ұлттық диалог алаңы және халықтық дипломатия институты ретінде қалыптасқан Ассамблеяның жұмысы айтарлықтай ықпал етті. Ол Қазақстандағы толеранттылық пен қоғамдық келісім негіздерін нығайтуда, «әртүрліліктегі бірлік» қағидатын табысты іске асыруда үлкен рөл атқарады.
Мемлекеттік және жергілікті басқарудың PhD, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қолданбалы зерттеулер институты директорының м. а. Ш.Т. Шаяхметова