2024 жылғы 27 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл Брюссель Еркін университеті жанындағы Брюссель дипломатиялық академиясы (BDA/VUB) басшылығымен кездесті.
Кездесуде Брюссель дипломатиялық академиясымен ынтымақтастық мәселесі талқыланды (BDA/VUB). Екіжақты келіссөз барысында тараптар ортақ білім беру бағдарламаларын дайындау және халықаралық қатынастар саласы бойынша зерттеу жобаларын жүзеге асыру туралы келісімге келді.
Іссапар аясында Академия делегациясы Бельгия Корольдігі жанындағы халықаралық қатынастар институтының (EGMONT) және Брюссель дипломатиялық мектебінің басшылығымен (CERIS) кездесулер өткізді. Тараптар халықаралық қатынастар саласының өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге дайын екенін жеткізді.
Ақпарат үшін:
БЮЮССЕЛЬ ЕРКІН УНИВЕРСИТЕТІ (VUB) – Бельгияның рейтингі жоғары университеті және Академияның стратегиялық серіктесі.
БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ИНСТИТУТЫ(EGMONT) халықаралық қатынастар саласындағы пәнаралық зерттеулерге мамандандырылған тәуелсіз талдау орталығы болып табылады.
БРЮССЕЛЬ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МЕКТЕБІ (CERIS) халықаралық қатынастар мен дипломатия саласында білім беру және зерттеу жүргізу бойынша озық тәжірибесімен танымал.