Жаңалықтар

Академия ректоры Фудан университетінің профессорымен кездесті

2024 жылғы 21 маусымда Академияда Фудан университетінің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс мектебінің (SIRPA) профессоры Жан Пин және Академия ректоры Әбіл Ерлан Қуанышұлы арасында кездесуі өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен зерттеулер жүргізу, бірлескен жарияланымдар мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ Академияның білім алушылары үшін тағылымдама ұйымдастыру, қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері айтылып, идеялар мен озық тәжірибе алмасу үшін тұрақты онлайн кездесулер өткізу жоспары талқыланды.

Осы жылдың тамыз айында Фудан университетімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілерге арналған жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде оқыту мен білім алмасудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Кездесу соңында қатысушылар нәтижелі жиын үшін алғыстарын білдіріп, ынтымақтастықтың табысты болатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Фудан университеті – Қытайдағы және әлемдік қауымдастықтың ең беделді және ықпалды оқу орындарының бірі. 2023 жылы Фудан университеті QS World University Rankings рейтингінде 34-ші орынға ие болған еді.

 


Your browser does not support SVGs