Жаңалықтар

БҰҰ Даму бағдарламасы аясында гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі топ мүшелерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл БҰҰ ДБ аясындағы мемлекеттік мекемелерге арналған гендерлік теңдік белгісі (Gender Equality Seal for Public Institutions) бойынша жаһандық менеджер Ланда Мария Угарте және БҰҰ ДБ-ның гендерлік мәселелер бойынша кеңесшісі Гаухар Нұршамен  кездесті.

Ланда Мария Угарте демократиялық және тұрақты қоғамдық институттарды дамытуда гендерлік теңдіктің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік басқарудағы гендерлік теңдік мемлекеттік қызметті жақсартуға, азаматтардың сенімін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Өз кезегінде, Академия ректоры Ерлан Әбіл гендерлік теңдікті жақсартуға бағытталған Академияның қызметі мен бастамалары туралы айтты. Мысалы, Академияда өткізілетін «Әйелдер көшбасшылығы», «Мансап және отбасы», «Гендерлік бюджеттеу»сынды семинарлар мен тренингтер әйелдер үшін көшбасшылық, топты басқару және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын, кәсіби құзыреттіліктері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Кездесу барысында Академия мемлекеттік сектордағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдауға дайын екенін білдірді.

 


Your browser does not support SVGs