Бүгін Академиясында Әдеп жөніндегі уәкілдерге, департамент директорларына арналған тренинг өтті. Тренингке ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен HR қызметтерінің мамандары да қатысты.
Оқудың мақсаты – коммуникациялық құзыреттерді дамыту, тұлғааралық қарым-қатынас қабілеттерін жетілдіру, арандатушылықтарды ажырату мен бейтараптандыру әдістеріне оқыту. Сондай-ақ қатысушылар блогерлермен шығармашылық және пайдалы қарым-қатынас стратегиясын құруды, мемлекеттік қызметкерлердің беделін арттырудың жолдарын меңгерді.