Жаңалықтар

Республикалық референдумның ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері

Академияда «Республикалық референдумның ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» тақырыбы бойынша екі күндік оқыту курсы басталды. Курска өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын Аумақтық сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелері – республикалық референдумды ұйымдастырушылар қатысты.

Оқудың мақсаты – аумақтық референдум комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттерін дамыту.

60-тан астам тыңдаушы республикалық референдум туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді, оны дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық-өкімдік мәселелерін, ақпараттық жағынан сүйемелдеудің міндеттерін талқылады.

Сондай – ақ, Қазақстанда атом саласын дамытуға тоқталып, жанжалдарды шешу тәсілдері мен көпшілік алдында сөйлеу техникалары қарастырылып, репутациялық менеджмент негіздері таныстырылды.

Аталған оқыту курсын Академияның Электоралдық оқыту орталығыны ұйымдастырды.


Your browser does not support SVGs