Академияда «Референдумды тиімді дайындау және өткізу: оқыту әдістемесі және қаржыландыру мәселелері» тақырыбы бойынша оқыту курс аяқталды. Курсқа өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын Аумақтық сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелері – республикалық референдумды ұйымдастырушылар, оқыту мәселелеріне және қаржыландыру мәселелеріне жауапты тұлғалар қатысты.
Оқу үш блок бойынша өткізілді. Бұл бағдарламалардың мақсаты – сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелерін – республикалық референдумды ұйымдастырушыларын, оқыту мәселелеріне және қаржыландыру мәселелеріне жауапты тұлғалардың кәсіби құзыреттерін дамыту.
70-тен астам тыңдаушы республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелерін қарап, оқыту бойынша әдістемелік портфельді әзірлеу бойынша дағдыларды қалыптастырды. Республикалық референдумды қаржылық қамтамасыз ету және ресурстарды оңтайландыру мәселелерін талқылады.
Сондай – ақ, коммуникациялық технологияларға, жанжалдарды шешу тәсілдеріне, көпшілік алдында сөйлеу техникасына, репутациялық менеджмент негіздері таныстырылды.
Аталған оқыту курсын Академияның Электоралдық оқыту орталығыны ұйымдастырды.