Академияда профессорлық-оқытушылық құрамға арналған Бағдарлау күні ұйымдастырылды. Кездесу барысында ректор Ерлан Қуанышұлы жаңа қызметкерлер мен оқытушыларға Академияның негізгі құндылықтары, дамудың стратегиялық бағыттары мен тұрған маңызды міндеттері туралы айтты.
Академия ректоры білім беру бағдарламаларында Президент Жолдауларында айтылған негізгі мәселелер, Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы және Мемлекеттік қызметті дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары қамтылуы тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар ректор білім беру бағдарламалары жетекшілерінің рөліне тоқталып, олардың әдістемелік қамтамасыз ету жауапкершілігі туралы сөз қозғады. Қызметкерлерді әдістемелік семинарларға, профессорлық-оқытушылық құрам Сенатының жұмысына және біліктілікті арттыру бағдарламаларына белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу барысында Академиялық қызмет жөніндегі вице-ректор Маргарита Қадырова мен білім беру саясаты орталығының басшысы Гүлсара Джунусбекова білім беру блогын дамыту перспективалары мен оқу процесін ұйымдастыру туралы айтты. Ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректор Алия Рмғазықызы Академияның зерттеу блогының даму бағыттарын атап өтті.
Ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректор Алия Масалимова Академияның зерттеу блогының даму бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ Корпоративтік және қаржылық қызмет жөніндегі вице-ректор Ұлан Бекіш профессорлық-оқытушылар құрамын Академияның корпоративтік мәдениетімен таныстырып, ұйымдастыру-қызметтік блоктың дамыту перспективалары туралы айтты.
Шара соңында Академия тренері, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Коммуникация қызметінің басшысы Рахат Жақсыбай қызметкерлерге «Тиімді коммуникациялар» тақырыбында мастер-класс өткізді.