Жаңалықтар

Жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылық

Академияның Кәсіби даму институты директорының орынбасары Айгерім Казакпаева Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында «Жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылық: мемлекеттік секторға арналған құзыреттер» тақырыбында өткен көшбасшыларға арналған жыл сайынғы конференцияға қатысты.

Конференцияда жасанды интеллект технологияларымен қалыптасып келе жатқан жағдайларда тиімді көшбасшылық үшін қажетті негізгі құзыреттер қарастырылды. Сондай-ақ цифрлық сауаттылық пен «digital citizenship» (цифрлық азаматтық) тұжырымдамасы, жасанды интеллектіні қолданудағы этика мен жауапкершілік мәселелері талқыланды.

10-нан астам елден жиналған қатысушылар HR/HRD саласында жасанды интеллектіні енгізу стратегияларын әзірлеу тәжірибесімен бөлісіп, қажетті құралдар мен технологияларды талқылады. Сонымен қатар конференцияда жасанды интеллектіні мемлекеттік процестерге интеграциялау жолында кездесетін проблемалар қаралды.

Айгерім Казакпаева HR/HRD саласында жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылауда белсенділік танытты. Конференция осы салада тәжірибе алмасу мен бірлескен шешімдер табудың маңызды алаңына айналды.


Your browser does not support SVGs