Жаңалықтар

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»

Бүгін Академия қабырғасында сарапшылар Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын талқылады. Жиынға «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдері, Академия білім алушылары және қызметкерлері қатысты. 

Талқылауда бірінші болып сөз алған Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлы тыңдаушыларға Жолдауда айтылған «Адал азамат, Адал еңбек, Адал табыс» тұжырымдамасының Әділетті қоғам құрудағы мәні мен мазмұнын терең түсіндіре келе, мемлекеттік қызметшілер абырой үшін елге адал қызмет ету керек деп ойын түйіндеді. 

Екінші спикер мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай мемлекеттік қызметшілерге жолдаудағы Президенттің «кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады және бұл идеяны қоғам санасына сіңіру қажет» деген сөзін барынша кең ауқымда нақты мысалдармен жан-жақты түсіндіріп өтті. 

Сондай-ақ спикерлер Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев және Мэлс Зайноллаұлы Семғалиев Мемлекет басшысы Жолдауда айтқан басқа да басымдықтардың Әділетті қоғам құру жолында қаншалықты өзекті екендігіне тоқталып, тыңдаушыларды сыбайлас-жемқорлыққа елдік деңгейде жол бермеуге шақырды.

 

 


Your browser does not support SVGs