Бүгін Академияда Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлікті қолдау орталығымен «Өзін-өзі реттеудің мемлекеттік басқаруды жаңғыртудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты — өзін-өзі реттеу институтын мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі элементі ретінде дамыту. Бұл бизнес пен мемлекет арасындағы өзара әрекеттестікті жақсартуға, басқару тиімділігін арттыруға және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстелге уәкілетті органдардың өкілдері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры Жамбулов Ерік Баскенұлы, Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлікті қолдау орталығының бас директоры Жақұпов Асланбек Қуандықұлы, «Атамекен» ҰКП және өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар болашаққа жоспар құрып, өзін-өзі реттеу институтын одан әрі дамытуға бағытталған кешенді жоспарды әзірлеу қажеттігін атап өтті. Бұл жоспар мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және өзін-өзі реттейтін ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.