Жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінде көшпелі дәріс өтті

2024 жылдың 12 қазанында ҚР Сыртқы істер министрлігінде Дипломатия институтының 1 курс магистранттарына  көшпелі дәріс өтті. Дәріс «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметі» пәні бойынша «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметінің құрылымы мен функциялары», сондай-ақ «Құжаттамалық қамтамасыз ету және дипломатиялық хат алмасу, қазіргі халықаралық қатынастардағы ақпараттық өзгерістерге ден қою» тақырыптары бойынша жүргізілді.

Тыңдаушыларға дәрісті ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Рымканұлы Акатаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Коммуникация департаментінің орынбасары Ерлан Құнанбайұлы Жетібаев өткізді.   

Сабақ аясында Назир Тюрякулов туралы деректі фильм көрсетіліп, Дипломатия мұражайына экскурсия жүргізілді. Көшпелі дәрісті Дипломатия институты профессорының м. а. Жалғас Жұмаұлы Әділбаев ұйымдастырды.


Your browser does not support SVGs