Академияның Қостанай облысы бойынша филиалының базасында қазіргі уақытта «Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау» атты семинарда оқудан өтіп жатқан ауылдық округ әкімдерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев пен Академия ректоры Фатима Надырқызы Жақыпова кездесті. Кездесуге Қостанай облысының әкімі Архимед Бегенжанұлы Мұхамбетов қатысты.
Кездесу барысында коммуналдық меншікті басқарудағы жаңа тәсілдер, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жобалық менеджмент мәселелері қарастырылды.
Академия ректоры Фатима Жақыпова «Өңірді дамыту мақсатында ауыл әкімдерінің әлеуетін нығайту» атты Академия жобасын Қазақстан өңірлерінде мультипликациялаудың негізгі аспектілерін таныстырып, Академия жүйесіндегі жаңарған білім мазмұнына және білім беру процесін ұйымдастыру тәсілдерінің бірыңғайланғанына назар аударды.
Филиал тыңдаушылары өңірлік даму тұрғысынан мемлекеттік қызметшілерді оқыту тәсілдерінің сындарлығын атап өтті. Сондай-ақ, табысты жобалардың тарихы да ұсынылды. Ағымдағы жылғы маусым айында қайта тағайындалған басшылардың қайта даярлау курсындағы оқу қорытындылары бойынша Денисов ауылдық округінің әкімі В.В. Наконечный «Денсиов ауданы Денисов ауылдық округінде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша қызметті іске асыратын кәсіпорын құру» жобасын әзірледі. Бүгінде бұл жоба бизнес-субъектімен серіктестікте жүзеге асырылып, енді оны кеңейту жұмыстары көзделген. Агенттік Төрағасы аталған оң тәжірибені қолдап, оны зерттеуге ұсынды.
Бұдан басқа, кездесуде тыңдаушылар қойған сұрақтарына толық жауап ала алды.