Академия ұжымы Сіздерді мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
Бұл мереке – көпұлтты Қазақстанның ең ұлы, ең қастерлі мерекесі. Бүгін де біз еліміздің жиырма жеті жылдығын – республикамыздың көк туы желбіреген, халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалған күнді қарсы алудамыз.
Ел бірлігін негізге ала отырып, біз талай қиындықтарды бастан өткердік. Тәуелсіздік жылдарында орын алған оң өзгерістер мен Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық бастамаларының арқасында біздің мемлекетімізді әлем мойындады.
Бізге маңызды миссия жүктелген, ол – осы жылдарда жеткен жетістіктерді сақтап, елімізді әрі қарай дамыту.
Сіздерді осы ұлық мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға амандық, бақыт, денсаулық пен бақ-береке тілейміз!