Жаңалықтар

«А» санатындағы мемлекеттік қызметшілерді Мемлекеттік басқару академиясында және Назарбаев университетінде оқытады

«А» санатындағы мемлекеттік қызметшілерді Мемлекеттік басқару академиясында және Назарбаев университетінде оқытады

2020 жылы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (бұдан әрі – НУ ЖMCM) жүзеге асыратын «А» санатындағы мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау бойынша арнайы курстар бағдарламасының ресми ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтаир Ахметов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Вэнг Тат Хуэй қатысты.

«Оқу бағдарламасы қатысушылардың жаңа сын-қатерлер мен жаңа нақтылық жағдайында тиімді басқарудың маңызды құрамдастары болып табылатын «Стратегиялық көзқарас», «Жүйелі басқару» және «Бейімді көшбасшылық» сынды құзіреттіліктердің үш негізгі блогы бойынша әлеуетін арттыруға, тиісті салаларда саясатты тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын арттыруға және материалдық, адами, қаржылық және технологиялық ресурстарды қисынды пайдалану негізінде мемлекеттік органның қызмет ету тиімділігін жоғарылатуға бағытталған»деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған заманауи мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптарға жауап беретін басшыларды даярлау міндеті қойылды. Елбасы Мемлекеттік басқару академиясына НУ ЖMCM-мен бірлесе саяси басқарушылар мен мемлекеттік қызметшілер үшін тренингтер өткізуді жүктеді.

Министрліктердің жауапты хатшыларымен, комитеттердің төрағаларымен, облыс, қала әкімдері аппаратының және түрлі ведомстволардың басшыларымен бірге Президент жастар кадр резервінің резервистері де оқудан өтуде.

4 апта көлемінде «А» санатындағы мемлекеттік қызметшілер стратегиялық менеджмент және көшбасшылық, креативтілік және инновациялар,  стратегиялық HR менеджмент, бизнес-үрдістерді реинжинирингілеу, жобалық менеджмент, өзгерістерді басқару, тиімді  коммуникациялар және дағдарыстарды басқарудың негізгі салаларында олардың дағдыларын арттыруға бағытталған тренингтерден өтеді.

7 қыркүйекте жоғары буынның 50 басшысын “Жаңа формациядағы басшы” бағдарламасы бойынша 10 апталық оқыту басталғандығын атап өткен жөн. Курс тыңдаушыларының арасында вице-министрлер, облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім басшылары, сондай-ақ Президент жастар кадр резервінің резервистері де бар. Саяси мемлекеттік қызметшілерге арналған аталмыш білім беру бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы  Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен және Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебімен бірлесе жүзеге асыруда.

 

БАҚ үшін:

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз-хатшысы  Берлібай Ақерке

a.berlibay@apa.kz

+77029118907


Your browser does not support SVGs