Академия мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдайды және студенттердің студенттік өмірге толық қатысуын қамтамасыз ету үшін ақылға қонымды түзетулер енгізуге тырысады.
Барлық өтінімдер өтініш берген бағдарлама үшін жарияланған іріктеу критерийлеріне сәйкес академиялық жетістіктері мен әлеуеті бойынша бағаланады. Мүмкіндігі шектеулі студенттердің өтініштері басқа талапкерлермен бірдей негізде қарастырылады.
Егер сізде қандай да бір қиындықтар туындаса, қолдау көрсету шарттарын талқылау үшін Қабылдау комиссиясына +7 (7172) 753395 телефоны арқылы немесе admission@apa.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.
Қандай қолдау қолжетімді?
Бұл беттегі қолжетімді қолдау салыстырмалы түрде көрсетілген. Академия сіздердің жеке ұсыныстарыңызды қарастыру үшін сізбен жұмыс істеуге дайын.
Ғимаратқа кіру
Бейбітшілік көшесі жағынан пандус бар, есіктер қолмен ашылады. Академияның артында (Жақып Омаров көш.) арнайы автотұрақтар бар.
Ғимаратта 4 лифт бар, арнайы дәретхана 2-ші қабатта Десайд кабинетісіне қарама-қарсы орналасқан.
ИТ-жабдықтар
Еуропалық Одақтың Erasmus+ [DECIDE] «Мүгедектерге арналған қызметтерді дамыту» жобасы аясында 2-ші қабатта Технологиялық көмек көрсету бөлмесі және Десайд бөлмесі орналасқан. Технологиялық көмек көрсету бөлмесінде келесі жабдық түрлері бар:
№ |
Жабдық |
Бірлік |
1 |
Сөйлеу синтезі бар «Fusion Рго» бағдарламалық құралына кіру экраны |
1 дана |
2 |
Брайль портативті дисплейі «Focus 40 Blue» |
1 дана |
3 |
Clear Reader + «сөйлеу синтезіне қолдау көрсететін оқу машинасы |
1 дана |
4 |
Проектор |
1 дана |
5 |
Ноутбук |
1 дана |
6 |
Көп функциялы принтер (басып шығару, көшіру, сканерлеу, факс) |
1 дана |
7 |
Лазерлік көп функционалды жабдық |
1 дана |
Кітапхана
Кітапхана ғимараттың 2-ші қабатында орналасқан. Кітапхана туралы толық ақпаратты Ақпараттық ресурс орталықтан алуға болады
Кері байланыс
Төмендегі нысан арқылы өз пікіріңізді жіберіңіз.