Жаңалықтар

Әлемдік сарапшылар өзекті мәселелерді талқылады

Бүгін Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы әріптестеріміз «Өзбекстандағы мемлекеттік және әлеуметтік құрылыс жүйесін жетілдіру жағдайы мен болашағы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Шара барысында Германия, Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ елдерінің сарапшылары әлемдегі мемлекеттік және қоғамдық құрылыс пен басқару саласындағы жүргізіліп жатқан кешенді реформалардың мазмұнына ғылыми талдау жасады. Өз кезегінде сөз алған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл Академияның күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің алған білімдерін іс жүзінде қалай қолдана алатындығы туралы мәселе тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол «Президенттік жастар кадрлық резерві», «Өндіріс басқарушылары» секілді ірі жобаларға тоқталып, 2030 жылға дейін мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасында бекітілген мемлекеттік басқарудың негізгі принциптерін сипаттап берді. Сарапшылар аталған мәселелерді онлайн жүйесі арқылы талқылады.


Your browser does not support SVGs