Жаңалықтар

Академия қызметкерлерінің Моңғолияға сапары

Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ғылыми-зерттеу жұмысы аясында Моңғолияға бір апталық сапар жасалды. Іссапардың мақсаты – полиэтникалық құрамды, шет елдердің қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы ұлттық тәжірибесін және аталған өңірде тұратын қазақ диаспорасының бірегейлік деңгейін зерделеу.

Зерттеу тобының құрамына Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының бас сарапшысы Бағлай Бауыржан, Қолданбалы зерттеу және халықаралық әріптестік орталығының жетекші сарапшысы Сейтбаев Бауыржан, Басқару институтының аға оқытушысы Аронов Аңсаған енді.

Зерттеу барысында Моңғолия Парламентінің депутаты, Құрылыс және қала құрылымы министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Қалыбек Ибрагимұлы Қобландин, Ұлттық басқару академиясының ректоры Зульфикар Саркыт, Баян-Өлгей аймағы азаматтық құрылтайының басшысы Бауыржан Дәлелұлы, Баян-Өлгей аймағының әкімі А. Ғылымхан, Ұлттық ғылым академиясының қызметкерлері, аз этникалық топтар  бойынша  тәуелсіз сарапшылар, жергілікті басылымдардың өкілдері, мемлекеттік қайраткерлер және Моңғолия жастары ұйымының мүшелерінен сұхбат алынды.

Сонымен қатар, жоба шеңберінде Баян-Өлгей мен Ховд аймақтарында тұратын халха, қазақ, баяд, меңғұрт, захчын, уранхай, тыва, дөрбет  сынды этностық топтардың өкілдерімен қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету деңгейін анықтау бойынша сұхбат ұйымдастырылды. Сұхбат нәтижелері бойынша азаматтық және ұлттық бірегейлік, сондай-ақ тіл, дәстүр мен мәдениеттің сақталу деңгейлері айқындалды.


Your browser does not support SVGs