Жаңалықтар

Академия басшылығы Германия Федеративті Республикасы Аға сарапшылар қызметінің өкілдерімен кездесті (SES)

Ү.ж. 25 қазанда Германия Федеративті Республикасы Аға сарапшылар қызметі (SES) бас кеңсесінің өкілі, Қазақстан мен Әзірбайжандағы SES жобаларының координаторы Яна Тихомирова бастаған делегациясы іссапармен Академияға келді.

Кездесу мақсаты екі жыл ішінде іске асырылған біріккен жобалардың қорытындысын жасап, әріптестіктің одан әрі дамуын талқылау болды.

Академия вице-ректоры Көшербаева Айгүл Беделбайқызы әріптестерге Академияда еңгізіліп жатқан инновациялар, атап айтқанда жаңартылған академиялық бағдарламалар, Академияға оқуға түсу үшін талаптар, мәселен ағылшын тілінен APTIS емтиханын тапсыру, аймақтық оқыту орталықтарының Академия қарамағына берілу үдерісі және аймақтарда кадрларды даярлау үшін Академия тәжірибесін қолдану туралы айтып өтті.

Тараптар 2015 жылдан бастап жүзеге асырылған жобаларды талқылады. Барлығы 7 жоба жүзеге асырылды, оның аясында 7 неміс маманы Академия қызметкерлері үшін ақысыз түрде тренингтер, семинарлар, консультациялар өткізді. Әр сарапшының Академияда жұмыс жасау мерзімі 3 аптаны құрайды. Барлық жобалар сәтті іске асырылды және Академияның институционалдық және адами капиталын дамытуға өз үлестерін қосты.

Анықтама үшін: SES – Германияның халықаралық ынтымақтастық қоры, коммерциялық емес жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

SES сарапшылары ақысыз түрде жұмыс жасайды, оқу мекемелері үшін оқу үдерісін жетілдіруде және оқытушы профессорлар құрамының біліктілігін арттыруда қолдау көрсетеді. SES-тің базасында 10.000 астам аға сарапшылар бар.

2015 жылдан бастап 2017 жылдың қыркүйек айына дейін Академияда келесі сарапшылар тренингтер өткізді:

– Илка Доротеа Бихбаймер, ағылшын тілін оқыту әдістемесі саласының сарапшысы, Дипломатия институтының мұғалімдері үшін он күндік тренинг өткізді;
– Александр фон Фрайхольд, жоғары білім беру саласының сарапшысы, Мосбах Кәсіби академиясының экс-ректоры, «Оқу үдерісінде интерактивті оқыту әдістерін қолдану», «Халықаралық магистрлік бағдарламаларды әзірлеу», «Мемлекеттік қызметшілерді оқытуда инновациялық әдістерді қолдану» тақырыптары бойынша Академияның оқытушы профессорлар құрамы үшін әдістемелік семинарлар өткізді;
– Ханс Йохен Шмидт, дипломатиялық қызмет саласының сарапшысы, Германияның Армениядағы бұрынғы Елшісі, Минсктегі ЕҚЫҰ кеңсесінің экс-басшысы, Германияның Алматы қаласындағы Бас Консулы, Дипломатия институтының оқытушы профессорлар құрамы үшін 2 әдістемелік семинар, «Еуропа Одағы: мәселелер мен даму перспективалары» және «Германия дипломатиялық қызметінің заманауи ерекшеліктері және дипломат мамандығы» атты 2 елшілік сағатын, докторанттар үшін презентация жасау өнері мен талдау жазбаларын жазу туралы семинарлар ұйымдастырды;
– Герд Хомберг, Moodle жүйесін пайдалану арқылы жұмысты ақпараттандыру саласының сарапшысы;
– Вольфганг Мозер, халықаралық қатынастар саласының сарапшысы, Дипломатия институтының магистранттары үшін дәріс оқыды;
– Манфред Блюменшайн, жемқорлыққа қарсы күрес саясатын әзірлеу саласының сарапшысы, Академия мен Агенттіктің қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі аспектілері» тақырыбында үш күндік семинар өткізді, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды, бір апта бойы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді зерттеу бойынша ғылыми-талдау орталығы үшін консультация берді.

Тараптар әріптестікті әрі қарай дамытуға және 2018 жылы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.


Your browser does not support SVGs