2017 жылғы 26 шілдеде Академия қабырғасында Академия басшылығының Сингапур Республикасының Елшісімен кездесуі болып өтті.
Елші Зулькифли Бахарудин мырза Академия мен Сингапур, оның ішінде Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжі (СМҚК) арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Елші жемісті ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінен кейін, СМҚК мемлекеттік секторда тәжірибемен алмасу арқылы әріптестікті одан әрі нығайтуға ұмтылатындығын айтты.
Кездесу барысында Академия 2017 жылдың 5–7 қыркүйегінде Астана қаласында өтетін, әлемдегі жобалық басқару саласында айтулы оқиғалардың бірі болып табылатын IPMA 30-шы Дүниежүзілік конгресінің тең ұйымдастырушысы болып табылатындығы айтылды. Осы орайда, Сингапур тарапына осы Конгреске баяндамашыларды ұсыну мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Сингапур елінің кластерлік экономикада жобалық басқару және мемлекеттік басқару саласындағы мол тәжірибесі атап өтілді.
Академия мен Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжі арасындағы Меморандумды іске асыру шеңберінде Сингапурлық сарапшылардың қатысуымен Академия негізінде 2016 жылдың күзінде 200 мемлекеттік қызметшіге арналған біліктілікті арттыру бойынша курстар өткізілді. Осыған байланысты, Академия осындай курстардың Сингапурда өткізілуінің маңыздылығын айтты. Екі тарап 2018–2019 оқу жылына арналған бірлескен бағдарламаларды ұйымдастыруға келісті. Ең алдымен, олар Іс-қимыл жоспарын әзірлейді және курстарды әзірлеумен айналысады.
Сонымен бірге, Сингапур елшісі мен СМҚК-ға Академия қызметкері Ж.Ж. Давлетбаеваның Сингапур елінде қабылдаушы тараптың қаржылық қолдауымен қысқа мерзімді курстан өтуіне мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірілді. Академияның қызметкерлері мен оқытушы құрамына арналған осындай бағдарламалардың рөлін ынтымақтастықтың тұрақты бөлігі ретінде ескеру айтылды.
Академияның «ой орталығы» ретіндегі рөлі баяндалды. Сингапур үлкен тәжірибе мен практикаға иеленген мынадай екі бағыт бойынша өзекті мәселелер талқыланды: мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Осы тақырыптар бойынша талдамалық материалдар мен ұсынымдар, сондай-ақ Сингапур елінің сарапшыларымен бірлескен іс-шаралар аталмыш салалар бойынша Қазақстанда туындаған мәселелерді шешуде айтарлықтай үлес қосуы мүмкін.
Сингапурдың мемлекеттік секторға қосқан кадрлық үлеске сәйкес марапаттау жүйесін қолдану бойынша тәжірибесі Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру жүйесін әзірлеу бойынша қабылданған бастамалар мүмкіншілігін кеңейтуі мүмкін.
Екі жақта мемлекеттік сектордағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жоғары сенімділік білдірді.
Халықаралық әріптестік орталығы