Академия басшылығы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы басқару академиясымен онлайн кездесу өткізді.
Екі академия Қазақстан және Беларусь арасындағы 2017-2018 жылдарға арналған «Жол картасы» шеңберінде жұмысты әрі қарай жалғастырмақ. Тараптар жақын арада іске асырылатын нақты іс-шараларды белгілеп, әріптестікті одан әрі нығайтудың басқа да мүмкіндіктерін қарастырды. Мысалы, Академия тарапы деректер негізінде шешім қабылдау және тағы басқа тақырыптар бойынша бірлесіп кейс жасауды және өзара түрде онлайн дәрістер оқуды ұсынды. Беларус тарабы өз жағынан Қазақстанның кадрлық саясаты, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау және құзыреттіліктері, сондай-ақ олардың кәсіби даму үшін жеке жоспарын құру мәселелеріндегі Қазақстан тәжірибесін үйренуге қызығушылық танытты. Сонымен бірге, Беларуь Республикасында арнайы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік орган болмағандықтан, беларус әріптестер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру және оның жұмыс істеу тәжірибесін саралаудың маңыздылығын атап өтті.