Бұған Академия басшылығының жаңадан тағайындалған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше
және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесуі себеп болып отыр. Елші мырза Академия және Қытайдың мемлекеттік басқару саласындағы кәсіби мектептері арасында көпір болып, түрлі академиялық жобаларды іске асыру идеясын қолдайтынын және демеу болатынын жеткізді.
Сондай-ақ, тараптар Елбасының Қазақстан халқына жолдауын егжей-тегжей талқылады. Сяо мырзаның айтуынша Президент жолдауында атап өткен бастамалар өте парасатты және көреген. Сөз соңында, Елші мырза Қазақстан және Қытай арасындағы достық қарым-қатынастың негізінде екі ел арасында орнатылған жан-жақты әріптестікті бұдан әрі де дамытуға өз үлесін қосатынын айтты.