Жаңалықтар

Академия ректорының 2022 жылғы 23-25 тамыздағы Әзірбайжанға сапары

Академия ректоры Ерлан Әбілдің Әзірбайжан Республикасына ресми сапары барысында АДА университеті ректоры Хафиз Пашаев, Әзірбайжан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Урхан Алакпаров және Әзірбайжан Мемлекеттік емтихан орталығының директорлар кеңесінің төрайымы Малейка Аббасзадемен кездесуі өтті.АДА университеті ректоры Хафиз Пашаевпен кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморанумға қол қойды. Меморандум аясында білім беру, мамандарды даярлау және зерттеу жүргізу саласында ынтымақтастықтың аясы кеңейтіліп, ортақ зерттеу жобаларын қолға алу, өзекті мәселелер бойынша форумдар, симпозиумдар, сонымен қатар эксперттік кездесулерді өткізу ұсынысы айтылды. Хафиз Пашаев Орталық Азия мемлекеттерінде зерттеу жүргізудің маңызды екеніне ерекше мән беріп, бұл бағытта студенттермен қатар, Академия мамандарымен тәжірибе алмасу, докторантурада білім алып жүрген жастардың арасында академиялық алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру қажеттігін жеткізді.

Ресми сапар барысындағы келесі кездесу Әзірбайжан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтті. Кездесудің мақсаты мемлекеттік қызмет саласындағы білім беру, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, ұлттық кадрлық резервті қалыптастыру бағытында Әзірбайжанның тәжірибесімен танысу, пікір алмасу, ынтымақтастықтың бағыттарын айқындау болды. Кездесуге Академия ректоры, академик Урхан Алакбаров, проректор, заң ғылымдарының докторы, доцент Джафар Эйвазлы және оқу әдістемесі және аналитика кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Зияфат Хабибова қатысты. Әзірбайжан академиясындағы кездесу аясында академиялар арасындағы ынтымақтастыққа бағытталған іс-шараларды болашақта кеңейту және осының негізінде жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау, оқытушы құрам мен студенттер алмасу, жаңа бағыттағы жобаларды ұсыну, мемлекеттік қызметшілерді оқыту және дамыту құралдарымен алмасу сынды нақты қадамдар айтылды. Кездесу барысында екі Академия арасында ынтықтастық туралы меморандумға қол қойылып, ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне өтетініне сенім білдірілді.

Академия ректорының Әзірбайжанға ресми сапары Әзірбайжан Мемлекеттік емтихан орталығының (МЕО) төрайымы Малейка Аббасзадемен өткен кездесумен тәмамдалды.

2022 жылғы 24 тамызда Мемлекеттік емтихан орталығының әкімшілік ғимаратында болған кездесуге Мемлекеттік емтихан орталығының директорлар кеңесінің төрағасы Малейка Аббасзаде, МЕО директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Бахрам Халилов, Стратегиялық даму департаментінің басшысы Вели Хусейн, Электрондық ақпараттық жүйелер департаментінің басшысы Сахиб Марданов және Электрондық ақпараттық жүйелер департаментінің кадрлық резервті тіркеу және мемлекеттік қызметшілер регистрі секторының меңгерушісі Сакит Әлиев қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлер регистрі таныстырылды, сонымен қатар тараптар арасында өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері, адам ресурстарын бағалау саласындағы жаңа тетіктер мен құралдарды дамыту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл Мемлекеттік емтихан орталығында құрылған Әзірбайжанның ұлттық бағалау жүйесінің тарихын көрсететін мұражаймен де танысты.

 


Your browser does not support SVGs