Мемлекеттік басқару академиясында Академияның 25 жылдығына арналған іс-шаралар бағдарламасының таныстырылымы өтті.
Магистранттар, докторанттар мен қызметкерлерге, оның ішінде өңірлік филиалдардың қызметкерлеріне арналған бағдарлама таныстырылымын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова өткізді.
«Біз биылғы жылды бір ғана ауқымды жоба немесе іс-шараға емес, әлеуметтік стартаптар мен жобаларды іске асыруға, конференциялар мен форумдарды, білім беру және әлеуметтік іс-шараларды өткізуге арнауды ұйғардық», – деп атап өтті Фатима Жақыпова.
Академия ректоры мерейтойлық жылдың негізгі іс-шаралары туралы толық айтып, барлығын оларды іске асыруға белсене қатысуға шақырды, олар:
– «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, халықаралық ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі саласындағы жетістіктер» тақырыбында дөңгелек үстел;
– мемлекеттік қызметшілердің алғашқы HR форумы;
– әлемнің әр түрлі елдерінің Мемлекеттік басқару академиялары ректорларының кездесуі;
– Астана экономикалық форумы аясында «Өзгермелі әлемдегі трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында жаһандық конференция;
– GRADUATION & ALUMNI FORUM (Академия түлектерінің форумы);
– «25 қонақ дәріс» білім жобасы;
– Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 25 әлеуметтік жобасы;
– «Дәстүр мен қазіргі заманның сын-тегеуріндері елегінен өткен қазақстандық бірегейлік» талқылау алаңы;
– «Ұрпақтар сабақтастығы» дөңгелек үстел, Академияда жұмыс істеген адамдарды шақырумен, Академияда орын алған өзгерістер туралы пікір алмасу және әсермен бөлісу;
– «Идеялар фабрикасы» жұмакүндік брейнстормингі.
Жоғары әкімшілік кадрларды даярлау және мемлекеттік аппаратқа жоғары білімді азаматтарды тарту үшін Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі құрылған кезден, 1994 жылдан өз бастауын алатын Академия тарихы туралы біраз нәрсе айтылды.
Фатима Надырқызы мерейтойлық жылдың жобалары туралы егжей-тегжейлі баяндай отырып, ардагерлер, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен зейнеткерлерді қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларға, сондай-ақ әлеуметтік білім беру бағдарламаларын іске асыруға ерекше көңіл аударды. Қызметкерлер мен тыңдаушылар ұсынған жобалардың арасында аналарды компьютерлік және қаржылық сауаттылыққа үйрету бойынша «Асыл ана», зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір», ағылшын тілі мен жобалық басқаруға ауыл балаларын оқыту сынды жобалар, әлеуметтік жәрмеңкелер, қоғамдық дәрістер және басқалары бар.
Ректор Академия ұжымы мен тыңдаушыларының белсене қатысуы бұл жобаларды іске асырып қана қоймай, оларды игі дәстүрге айналдыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Әрқайсыңыз – біздің Академияның ажырамас әрі құнды бөлшегі болып табыласыздар, және осы мерейтойлық іс-шаралардың қалай өтетіні ғана емес, Академияның әрі қарай қандай жолмен дамитыны да біздің әрқайсымызға байланысты. Себебі, сіз бен біз өткен буын сынды біздің мұрагерлеріміз жалғастыратын, жаңа дәстүрлерді қалыптастырамыз», – деп Академия ректоры сөзін қорытындылады.