15 желтоқсан күні Академияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті. Меркенің қарсаңында Академияның қызметкерлері мен білім алушылары марапаттарға ие болды.
Құрмет грамотасымен Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Сәдуақасова Саида Әсетқызы, Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институтының бас сарапшысы Гульден Бекболатқызы Бекежанова, Академиялық бағдарламалар орталығының бас сарапшысы Чугирова Магрифа Әбілхайырқызы және Инженерлік-эксплуатациялық қызметінің дыбыс режиссері Тілеков Бейсенбай Тілекұлы марапатталды. Одан өзге, Академияның қызметкерлері, магистранттары мен докторанттары Академияның дамуына қосқан үлесі үшін және мінсіз қызметі үшін Академия ректорының Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын Академияның тыңдаушылары мен қызметкерлері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.