Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 15-17 мамыры аралығында шетелдік сарапшылар Фаудзалина Газали және Чарльз Кроуфорд «Сөз сөйлеуге дайындалу технологиясы. Спичрайтинг» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.
Семинарға Президент Әкімшілігінің, Парламент Сенатының, Парламент Мәжілісінің, Жоғарғы сот кеңесінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда. Семинардың мақсаты тыңдаушылардың өздігінен презентация және баяндама жасау кезінде жеке тиімділіктерін арттыру, сонымен қатар көпшілік алдында сөз сөйлеудің негізгі дағдыларын меңгерту болып табылады.
Чарльз Кроуфорд (Ұлыбритания) коммуникация және көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша халықаралық сарапшы, «The Ambassador Partnership» («Елшілер қауымдастығы») ЖШС-ң негізін қалаушы серіктесі болып табылады. Посол Кроуфорд Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінде 28 жыл қызмет еткен, оның ішінде Ұлыбританияның Польшадағы, Сербиядағы, Босния және Герцеговинадағы Елшісі қызметін атқарған. Жақында оның көшбасшылық және шешендік өнер туралы «Көшбасшыларға арналған спичрайтинг» атты кітабы жарық көрді. «Технология, қауіпсіздік, еркіндік» баяндамасы үшін 2016 жылғы Цицерон премиясының беделді иегері болып табылады.
Фаудзалина Газали (Малайзия) – Directive Communication сертификатталған тренер-коучы, креативті ақыл-парасат және трансформациялық ойлау/инновациялық көшбасшылық бойынша сарапшысы. Жарнама, дизайн, коммуникация және маркетинг саласында, сонымен қатар і жеке және мемлекеттік сектордағы әртүрл ірі корпорациялар: Малайзияның Премьер-министр офисі, Siemens, Panasonic, Малайзияның жаһандық инновация және креативтілігі орталығы (MaGIC) және т.б. кәсіби тренер және коуч ретінде көпжылдық жұмыс өтілі бар.
Семинар барысында эксперттер нақты өмірден алынған мысалдар арқылы көпшілік алдында сөз сөйлеудің тиімді мысалдарын және проблемаларын келтіре отырып, жақсы баяндама және сөз дайындау техникаларын қолдану тәжірбиесімен бөліседі. Негізгі екпін Қазақстанның мемлекеттік қызметшілер өмірінің ерекшеліктеріне және қарым-қатынас жасау стиліне қарай қойылатын болады.
Сонымен қатар, баяндама жазудың, атап айтсақ, сөз дайындау және көпшілік алдында сөз сөйлеу, сөздегі нақты жолдаулар мен мықты құрылым, сөз сөйлеуді ұйымдастыра білу және аудиториямен қарым-қатынас жасай білу техникасының толық спектірі ұсынылатын болады.
Эксперттер интерактивті оқытудың бірқатар әдістері – презентациялар, семинарға қатысушылардың қысқа сөздері, видео-жазбалар мен көпшілік алдында сөз сөйлеу сұрақтарының объективті талдауларын қолданатын болады.
Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.