Жаңалықтар

Академияда әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған семинар басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында Латвиядан келеген сарапшы Ярослав Стрельченоктың қатысуымен әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған семинар тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтіп жатыр.

Семинарға Конституциялық Кеңестің, Президент Мұрағатының, Президент іс басқармасының, Есеп комитетінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Қатысушылар семинар барысында мемлекеттік органдарда әдеп жұмыстарын ұйымдастыруға қажет кәсіби құзыреттерді меңгереді.

Семинар қатысушылары мемлекеттік қызметтегі этика саласындағы білімдерін кеңейтіп, функционалдық міндеттерді тиімді орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар алады. Кез келген мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатының қажеттілігі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы халықаралық талаптар және олардың ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа енгізу, Ұлттық жемқорлыққа қарсы жүйелер, кәсіби мінез-құлық стандарттары, сонымен бірге мемлекеттік тұлғаларға активтерді мағлұмдау жүйелері туралы түсініктер мен ұсыныстарды алады.

Ярослав Стрельчонок Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) халықаралық сарапшысы және консультанты. 2011 жылдан 2016 жылға дейін Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бюросының (KNAB) басшысы қызметін атқарған. Еуропа Қоғамдастығының атынан халықаралық сарапшылар тобының мүшесі ретінде «Қырғыстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты жобасына қатысқан. Ярослав Стрельчонок «Мемлекеттік қызметшілерге арналған тыйым салулар мен шектеулер схемасы» атты кітаптың авторы болып табылады.

Қатысушыларға этикалық реттеудің қазақстандық модулі туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сонымен қатар Акдемияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының қызметкерлері айтып береді.

Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.


Your browser does not support SVGs